МО

                    ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

Нұрпиисова Г.Ш.    Сый табақ. Сынып: 10

 

                            Табақ тамағымен жарасты,

Батыр жарағымен жарасты.

Сабақтың тақырыбы: Сый табақ.

Сабақтың мақсаты:

1)   Білімділік: оқушыларға табақтың түрлері туралы жалпы

мағлұмат беру.

2)   Дамытушылық: жаңа сөздермен жұмыс жасату арқылы, тілдерін қазақша сауатты сөйлеуге дағдыландыру.

3)   Тәрбиелік: қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, таблица, карточкалар.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Приложение.

 

Сабақ  барысы:

I.                  Ұйымдастыру кезеңі.

-         Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-         Отырыңдар.

-         Сыныпта кім кезекші?

II.                Үй тапсырмасын тексеру: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы ережені жатқа айту.

III.           Жаңа сабақтың мақсаты:

1.     Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

2.     Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3.     Тапсырмалармен жұмыс.

IV.            Сөздікпен жұмыс.

Сый табақ почетное блюдо

Сыйлы қонақ почетный гость

Сыйлық тарту преподнести подарок

Табақ тарту преподнести угощение

Табақ большая чаша, блюдо

Табақ тартылды распределение угощения

Табақтас болу кушать вместе с кем-то

Бие сауым уақыт вскоре (30-40 минут)

Ада болды закончился

Бір-бір аяқ майлы сорпа по одной чашке жирного бульона

 

Әр топқа осы жаңа сөздер арқылы екі сөйлемнен құрастыру.

 

 

 

V.               Мәтінмен танысу.

 

Сый табақ.

Қымыздың қызуы қайтып, әңгіме байсалды арнаға көшті. Жаңа ғана сойылған тай еті де піскен екен. Табақ тартыла бастады.

Ораз-Мұхамедке жеке табақ, бектерге екеу ара, қалған қауымға үшеу ара, төртеу ара бір табақ. Мәртебесі жоғарыларға жаңа ғана айналдырылған қос қазы мен бітеу жамбас. Басқаларға әр түрлі жіліктер мен омыртқа, бұғана, жал мен қарта тартылған.

         Ораз-Мұхамедтің алдындағы үлкен табақта басқа сыйлы мүшелермен қатар тайдың тұтас пісірілген қос телшесі бар. Сұлтан әуелі бір кесіп, өзі ауыз тиді. Көшекке дәм татырды. Содан соң атап шақырып, өз қолымен билерге ет асатқан.

         Қымыздан кейін көпшілік алдарындағы табаққа жапырлай қол созған. Езіле піскен жас етті жұлып, тоқпан жілікті тұтасымен ұстаған қалпы тісімен жұлқып, әркім өзінше тіршілік қамында.

         Бие сауым уақытта жаңа ғана сойылған тайдың еті түгелімен желініп, ада болды.

         Тоғымызды басамыз деп құрт қосқан бір-бір аяқ майлы сорпаны тағы ішіскен.

                                                                         (М. Мағауин. Аласапыран кітабынан)

VI.            Топпен жұмыс.

1  топ үлкен табақ

Мына сөздердің синонимін табыңдар.

Жеке -        , қарт -         , үлкен табақ -           , ауыз тиді -         ,

Дәм татырды -               , ада болды -              .

2 топ орта табақ

Мына сөздердің омонимін табыңдар.

Тарту, тию, айналдыру.

3 топ кіші табақ

Мына сөздердің антонимін табыңдар.

Кәрі -                , үлкен -                 , көп -                    ,

жоғары -           , еңбекқор -           , жекеше -             .

VII.        Диалог құрастыру.Сұрақтарға жауап алу.

-         Сен қонаққа жиі барасың ба?

-         (жылына, аптасына, айына бір рет, мереке күндері, туған күні болғанда)

-         Қонаққа кімге барасың?

-         (досыма, жерлесіме, ағама, апама, әжеме)

-         Қонақты жиі шақырасың ба?

-         (туған күніме, мереке күніне, айына бір (екі) рет)

-         Қонақтарды кім қарсы алады?

-         (әкем, шешем, мен, апам)

-         Қонақтарға қандай ыстық  тамақ  бересің?

-         (бесбармақ, манты, палау)

-         Қонақта адамдар көңіл-күйін қалай көтереді?

-         (би билейді, ән салады, әңгімелеседі, домбырада, гитарада, фортепианада ойнайды)

-         Үй иелері қандай болу керек?

-         (қонақжай, көңілді)

VIII.     Тақтамен жұмыс.

1 топ Сый табақ сөзін септеңдер.

2 топ Сый табақ сөзін тәуелдеңдер.

3 топ Табақ сөзіне фонетикалық  талдау жасау.

IX.            Грамматикалық тапсырма.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар

1-топ.

Аяз күшейіп, күн суыта бастады.

Тау шаңғысымен сырғанау үшін, алдымен үйрену керек.

2-топ.

Көктемде күн ұзарып, түн қысқарады.

Мерей келгенше, мен ас әзірлеп қойдым.

3-топ.

Бұлт шықса, жаңбыр жауады.

Кеше боран болғандықтан, мен бүгін келдім.

X.               Ал, енді, балалар, орындаған тапсырмаларын бойынша мүшелерді жинадыңдар. Әр топ тұрып, өз табақтарына қандай мүшелер жинағандарын туралы айтып беріңдер.

XI.            Қорытынды. Сый табақ деген тақырыпты қорытындылау үшін қандай пайдалы кеңестеріңді бересіңдер?

XII.           Үйге тапсырма беру: 144 бет, 9-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерімен сөйлем құру.

XIII.           Бағалау. Білімдеріне қарай бағалау.

 

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.  

Приложение.

  ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

 

Сайт управляется системой uCoz