Сабақтың тақырыбы:
Нәтиже сабақ Асыл мұра
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Өткен модуль бойынша
алған білімдерін жинақтап,пысықтай отырып, қорытындылау. Оқушылардың
белсенділігін, тілін дамыту,ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,
қарым-қатынас жасау білуге үйрету.Шылау бойынша алған теориялық
білімдерін практикалық тұрғыда тексеру.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау
әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін
дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ
тіліне деген сүйіспеншілігін дамыту.Ойындар,көрнекі құралдар арқылы
сабақтың қызығушылығын арттыру.Ұлттық салт-дәстүрлерді қадірлеу
білуге, Отаншылдыққа, адамгершілікке, туған жерін, тілін сүюге
тәрбиелеу .
Сабақтың
типі. білімді бекіту,жүйелеу сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ
жауап,іздендіру,ойландыру, әңгіме, сөйлесу,ойын ойнау
Сабақтың көрнекілігі : бала
тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер бейнеленген суреттер, салт
дәстүрлер туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі,техникалық құралы-
магнитофон
Сабақтың
барысы
І
Ұйымдастыру кезеңі - Бүгін нешесі?
Сыныпта кім жоқ?
ІІ Сабақтың тақырыбымен таныстыру
- Өткен сабақтарда біз сендермен қазақ
халқының салт-дәтүрлерімен, ұлттық ойындарымен, ұттық аспаптарымен
таныстық.Осылардың бәрі атадан қалған асыл мұра. Бүгінгі тақырыбымыз
осыған байланысты Асыл мұра деп аталады.
ІІІ
Қайталау Қазақ дәстүрі тек ата-ана ғана емес, жалпы адамды
сыйлауға баулиды дейді халық.Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің
түрлері өте көп.
- Бала тәрбиесіне байланысты қандай
салт-дәстүрлерімен таныстық?
-Бұл қандай дәстүр?
-Тұсау кесер тойы туралы толығырақ кім
айтып береді?
-Бұл тойларға кімдерді шақырады?
-Ақсақалдар балаларға, жастарға қандай
тілек білдіреді?
-Біз сендермен қандай бата- тілекпен
таныстық?( оқушы білген батаны айтады)
-Қонақта адамдар көңіл-күйін қалай
көтереді?
-Ұлттық ойындар нені дамытады?
-Ұлттық ойындардың қандай түрлерін
білесіңдер?
Ойын. Қазір
біз сендермен Сиқырлы сандық ойын ойнаймыз. Асықтарды алып,
сұрақтарға жауап бересіңдер.
1 сұрақ: - Қандай ойын көшпелі халық
үшін өте қолайлы, тез жиналып, тез құрылады?
( Алтыбақан)
А
2 сұрақ:- Бұл ойынға ер адамдар ғана
қатысады.ойынға ұзын жіп немесе арқан керек?
( Арқан тарту )
У
3 сұрақ: - Ойын-сауық ойындарына
қандай ойындар жатады? Л
4 сұрақ: - Ой дамытушы ойындарды
ата. Ы
5 сұрақ: - Спорт ойындарын
білесің бе? Ш
А , У , Л , Ы , Ш
Қандай сөз құрастыруға болады?
ШЫЛАУ
Грамматика: - Шылау деген не?
-Шылау сөздер неше түрге бөлінеді?
- Септеулік шылау қалай қолданылады?
- Демеулік шылау туралы не білесің?
- Жалғаулықтар нені байланыстырады?
Тапсырмаларды орындаймыз. Дәптерлерді
ашып жазыңдар .....
1. дейін, шейін , бірге - қандай
шылаулар?
Бұл септеуліктермен сөз тіркестерді
құрастырайық.
......
...... .....
...... дейін
..... үшін ...... бірге
.....
...... .....
-Кім сөйлем құрастырады?
2. Берілген сөздерден сөйлем құрап,
шылаулардың түрін ажыратыңдар
Той, ма,
болады, бүгін
Құрды, мен, жігіттер, алтыбақан,
қыздар
Енді балалар демалайық, музыканы
тыңдайық. ( оркестрдің орындауында - күй)
Бұл қандай музыка?
- Күйдің авторы кім?
- Бұл күйді кім орындайды? ( Құрманғазы
атындағы халық аспаптар оркестрі )
Балалар, Отырыр сазы деген
фольклорлық оркестрі туралы не білесіңдер?
- Бұл оркестрде қандай халық аспаптар
бар?
- Ұлттық аспаптардың неше түрі бар?
Тапсырма: Бұл аспаптарды
топтастырамыз.
( оқушылар тақтаға шығып, аспаптардың
атауларын үш топқа топтастырады)
- Сен қонаққа баруға ұнатасың ба?
-Қонаққа кімге барасың?
Үйде қандай қазақ халқының ұлттық
тағамдарды пісіресің?
- Өзің қонаққа шақырасың ба?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Қонақ туралы қандай мақал мәтелдерді
білесіңдер?
Ал енді сөйлесуді тыңдайық.
( Сөйлесу: Туған күніне шақыру )
Сөйлесу:
Туған күніне шақыру
- Сәлем, Даша!
- Сәлем,Әсемгүл!
-Даша, мен сені туған күніме шақырамын.
- Рақмет! Құттықтаймын! Сағат нешеде?
- Кешке сағат алтыда.
- Сен менен басқа кімді шақырасың?
- Достарымды және сыныптастарымды.
- Ұлттық тағамнан нені әзірлейсің?
- Әрине, қазақша ет болады, бауырсақ.
- Бәрекелді, мен бауырсақты өте жақсы
көремін!
- Ал, жарайт .Сау бол! Сені асыға
күтемін. Кешікпе.
- Рақмет Уақытында келемін.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Біз кімдердің әңгімесін тыңдадық?
- Қыздар не арқылы сөйлесті?
-Олар не туралы сөйлесті?
- Сағат нешеге?
- Даша қаз. халқ..қандай ұлттық
тағамын жақсы көреді?
Тапсырма
Енді балалар, Әсемгүлдің туған күніне
қандай тілек білдіресіңдер?
Үй
тапсырмасы: 129 б. 1 т. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
Бағалау
Қорытынды: - Бүгін біз не туралы
қайталадық?
- Қалай
ойлайсыңдар сабақ пайдалы болды ма?
- Сабақта саған
ең ұнағаны не?
- Өзіңе пайдалы
мәлімет алдың ба?
-Ал , енді сабақ аяқталды .Сау болыңдар!
-