МО

              ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

Жауынбаева  С.Н. Танымдық сайыс Сүйемін. Білемін. Үйренемін. Ойға түйемін  Сынып: 8

 

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуге қызығушылығын арттыру, сауатты, анық, мазмұнды сөйлеу, сұраққа білімді жауап беру дағдыларын дамыту, тілді сүюге тәрбиелеу.

Қазақ тілі бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Тіліммен бірге самалмын

Тіліме кім тағар мін.-

дегендей бүгінгі өткізгелі отырған танымдық сайысымыз Тілді сүйемін, білемін, үйренемін,  ойға түйемін деп аталады.

Қазылар орнықтырар әділікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(әділқазылар алқасымен таныстыру)

Әрқашан да білім көптік етпеген,

 Талапсыз жан мұратына жеипеген,

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.

 

Түсесіңдер білімнің жарысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.

Талапкердің талабы таудай болар,

Аямас тиіп кетсең, намысына.

І Топпен таныстыру.

1.     8а сыныбы: Үйренемін тобы.

Альбина: Біз бүгін бұл сайысты бастар болсақ

                Ойымыз көп нәрсені білмек болмақ.

                Үйрендік қазақ тілін әр сабақта,

                Тағы да үйренеміз аман болсақ.

    Топ мүшелері: Колбасина Елена, Волкова Татьяна, Шитинбаев Айдос,

                              Казакова Альбина.

2.     8б сыныбы: Ойға түйемін тобы.

Вадим: Білім алып мектепте,

             Оқып ойға түйеміз.

             Көп сөздерді бүгінде,

             Қазақ тілінде білеміз.

    Топ мүшелері: Алдаберегенов Абай, Файзуллин Вадим, Шинаков Евгений,

                              Ермухамбетова Айжан.

3.     8в сыныбы: Сүйемін тобы.

Бахытгул: Сүйемін туған тілім анам тілін,

                  Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

                       Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

                       Құлағыма сінген таныс үнің.            

                                                                      (С.Торайғыров)

 

          Топ мүшелері: Ахметжанова Бахытгүл, Вотчал Екатерина, Тарасенко

                                    Николай, Райымбеков Самат.

4.     8г Білемін тобы.

Айжан: Білемін тілді үйрену керектігін,

                     Ойға түйіп, айтуым керек бүгін,

                     Сүйемін өз тілімді-анам тілін,

                     Үйреніп өзге тілді, алам білім

Топ мүшелері: Зорина Дарья, Терентьева Ксения, Полякова Ксения,

                          Бикеева Айжан

 

ІІ Үй тапсырмасы

Кәнекей, қарсы алайық жылдың басын,

Қосылып жасқа жасың, басқа басың,

Барайық келер жылға төрт көз түгел,

Аман боп алыс, жақын, кәрі-жасың -

демекші  алдымызда жыл басы Наурыз келе жатыр. Осы наурыз мерекесі туралы кім не білетінін сұрап көрейік.

 

Слайдтар

 

8а  Наурыз-жыл басы

Таня:   Наурыз парсының нау-жаңа, руз-күн, яғни жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл күн наурыздың 22-жұлдызына сәйкес келеді.

Наурыз-теңдік күні: күн мен түн теңеледі.

 

8б  Наурыз көже Наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам.Оны жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасайды.

 

8в  Наурыз жыры Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бірі. Жыр-өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады.

          Мысалы:

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жыл болар.

 

8г Наурыз бата Ксения П.  Халықта батаның түрлері көп.

Соның бірі -  Наурыз бата. 

Наурыз көжеге шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді.

Мысалы: Өркенің өссін!

Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Бақ берсін! Қыдыр дарысын!

ІІІ Сұрақ жауап.                  

ФИЛЬМ

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар.

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен бұл топтар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар! демекші келесі кезек сұрақ жауап сайысы.

1.     Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар

2.     Ол неше түрге бөлінеді? (сүт, ет, нан)

3.     Ет тағамдарын атаңдар: жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ.

4.     Сүт тағамдары: шұбат, айран, қымыз, ірімшік құрт.

5.     Нан тағамдары: Таба нан, баурсақ, шелпек, құймақ.

6.     Қазақтың ұлттық киімдері.

Бас киімдер: сәукеле, тақия, кимешек, бөрік.

Сырт киімдер: тон, камзол, шапан.

Аяқ киімдер: етік, мәсі, кебіс.

Зергерлік бұйымдар: сырға, жүзік білезік.

7.     Қонақасы: Сыбаға түрлері:  бас табақ, сый табақ, орта табақ, жастар табағы.

Бас табақ кімдерге әзірленеді? (Үлкен қарттарға, сыйлы қонақтарға).

8.     Жылқының сүті қалай аталады?  (Қымыз)

9.     Түйе сүті (шұбат)

ІV Монолог.   Ұлттық тағамдар

Тауып айтылған сөзге құн жетпейді,

Біліп айтылған сөзге шын жетпейді.

Білмесең білгендерден сұрап ал,

Білгеніңмен ештеңкең кетпейді.

1.     Қымыз (8а)

Қымыз-қазақ халхының сүйікті сусындарының бірі. Ол бие сүтінен жасалады. Қымыздың пайдасы өте зор. Жылқы қазақтың кең даласында жайылады. Әр түрлі шөп жейді, сондықтан қымыздың емдік қасиеті де мол. Ол әсіресе өкпе ауруына шалдыққан адамдарға пайдалы. Қымыздың түрлері өте көп. Халқымыз жыл маусымына қарай уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған.

2.     Бауырсақ (8б)

Қазақ халқы ертеден бастап кебекті қара ұн, тары, жүгері, сұлы ұндарын пайдаланған. Осыдан пісірілетін нанның да түрлері әр алуан. Пісіру әдісіне қарай нанның бірнеше атауы бар. Солардың бірі - бауырсақ. Бауырсақты әр жерде әр түрлі жасайды. Оны ақ ұннан илеп, өсімдік майына немесе құйрық майға пісіреді. Кейде ашытқыға жұмыртқа, сорпа қосып илейді. Сондай-ақ ашыған сүт, қант қосады. Бауырсақты сыйлы қонақтар келгенде, тойларда, мейрамдарда әзірлейді.

Бауырсақ қазақ халқының басты асы. Сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады.

3.     Қуырдақ 8в

Қуырдақ майға қуырылған ет. Қуырдақ мойын етінен және өкпе бауырдан пісіріледі. Бұрышталып, тұздалады. Кейде сәбіз, картоп қосып қуырады. Қуырдақ өте дәмді әрі тез дайындалатын ет тағамы.

4.     Шұбат - 8г

Шұбат түйе сүтінен ашытылады. Оның емдік қасиеті мол. Шұбат асқазан, түрлі ішек ауруларына бірден-бір шипалы сусын. Шұбаттық түсі ақ, дәмі тіл үйіреді.

V Өнер алды қызыл тіл.

Мақал мәтел жарысы.

1.     Отан туралы:

       Отан үшін отқа түс күймейсің.

       Отанын сатқан қара бет.

Жүрегі оның толған дерт.

       Отан, сен  болмасаң не етер ем,

Мәңгілікке бақытсыз боп кетер ем.

2.     Туған жер туралы:

       Туған ел тұғырың,

Туған тіл қыдырың.

       Туған жерім - сен Ана,

Аяңда жүрген мен бала.

       Туған жердей  жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

       Өз елің алтын бесігің.

3.     Оқу білім туралы:

       Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

       Оқу білім азығы,

Білім ырыс қазығы.

       Оқу білім бұлағы,

Білім өнер шырағы.

VI Өз өнерін көрсету.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреу ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Әр сыныптағы оқушылар жан салыпты.

 

Әділқазы береді өздеріңе сыйлықты,

Бізге ашығын айтады.

Кім өнерлі, кім мықты,

Осы сайыста кім ұтты.

   ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

 

Сайт управляется системой uCoz