МО

         ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

Жағалтаева К.К. Менің қалам. Сынып: 6

                                               

Менің қалам интерактивтік тақтамен жұмыс

 

Тақырып:  Менің қалам

 Түрі: саяхат сабақ

 Әдісі: интерактивтік тақтамен жұмыс көрсету

Флипчарт "Астана"

 

 

Астана аялы

Аясы саялы

Ақ пейіл адамға

Құшағын жаяды

Баршаға белгілі бағасы

Жастардың қаласы,

Достықтың қаласы.

                                                                 

Тақырып:  Нәтиже сабақ. Менің қалам

Сауыттылыққа білімділікке үйрету, алған білімдерін пысықтау.

Өткен модульде алған білімдерін жинақтай отырып, сөйлесу әрекетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Оқушының ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге  үйрету.

Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды отаншылдыққа  туған жерін , тілін сүйюге тәрбиелеу.

Түрі: Қорытындылау сабағы

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап,  интерактивтік тақтамен жұмыс көрсету 

Көрнекілік: Тірек сызбалар,   Астана, Алматы, Қашар туралы  фотографиялар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу

                                            б)  оқушыларды түгендеу.

2. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

           Біздің бүгінгі сабақта қойған негізгі мақсатымыз.

Алтыншы модуль бойынша алған білімдерін жинақтай отырып ойымызды жүйеліп айту.

Сөйлеу әрекетіміз дамыту

Сөздік қорын дамыту.

Қазақ тіліне деген қызушылығын арттыру.

     Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол саяхат сабағы.  Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болу керек? 

- Билеттер .

- Дұрыс. Ендеше мен сендерге қазір саяхат  билеттерді таратып беремін.ал енді балалар, біз саяхатқа шығамыз.  Баратын орынға  тез жету үшін  Әр  билеттерде тапсырма бар.  Ал сендер билеттердің сұрақтарына жауап беріңдер.

Біз қай республикада тұрамыз?

Қазақстан қандай мемлекет ?

Қазақстанның  жетістіктері қандай?

Мемлекеттік тіл қай тіл? 

Қазақстанда неше облыс бар?

Біз қай облыста тұрамыз?

Облыс әкімі кім?

Облыс орталығы қай қала?

Міне Бас қала стансасына келдік

Астана аялы

Аясы саялы

Ақ пейіл адамға

Құшағын жаяды

Баршаға белгілі бағасы

Жастардың қаласы ,

Достықтың қаласы

-  Осы өлең жолдарындағы басты тақырып не?

-  Астана қаласы

- Балалар, ал кім Астанада болды?

         Настя  сен Астанада болғаның туралы не айтасың? ( тірек сызба пайдалану)

Балалар Қазақстанның неше астанасы болды? - 4

Оларды кім дұрыс  орнына ретімен қояды  ?

1-2-3-4                    Қызылорда,    Алтамы,    Орынбор,    Астана

Астана туралы кім қосымша  мәлімет  береді?

Астананың нышаны не? Бәйтерек...

- Біз қайтадан жолға шықтық. Уақыт көңілді өту үшін біз өлең айтайық. 

Алма  бағы стансасына жеттік

Жап жасыл ағашы,

Қып қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар

Ол қандай қаласы ?

 - Алматы  қаласы . Дұрыс. Ал кім Алматы қаласында болды?

 .......  , сен  Алматыда қашан болдың?

.......... Алматы туралы көргеніңді айтып бер.

Балалар, Алматының қандай ең көрікті орны бар?

(   Медеу көрсету ) Медеу деген не?

Медеу спорт кешені қайда орналасқан? (көгілдір таудың арасында)

Дұрыс айтасыңдар.

Осы сандар бізге нені білдіреді?  

  1972 жылы, 100-ге жуық, 11 мың, 12 мың.

Міне енді осы қалаларымен қоштасып  поезге отырып демалайық . Біздің жолымыз ұзақ. Орнымызға отырып сергіту сәтті жасаймыз

-  Не көргенің қорытындылайық

- Балалар, біз осы модуль бойынша бірнеше тақырыптарды қайталадық.

Ал енді кім тақтаға шығып,  қалалар туралы  диаграмма жасайды?

 Астана Алмата.

 Отан менің ата анам.

Отан досым, баурым.

Отан - өлкем, астанам,

Туған кентім  - Қашарым

    Міне, Елімай стансасаны келдік Осы суреттерге қарап, Қашарда не бар? Сұраққа жауап беріңдер.

Маған екі оқушы керек. Кімдер тақтаға шығып, Менің кентім тақырыбына диалог айтады?

Балалар, осы кесте бойынша Менің кентім тақырыбына  тірек сызба бойынша сөйлемдер құраңдар.

    

1975 жылы                          орналасқан жері                         әкімі

                                                     

                                                    Қашар  кенті                          

өнеркәсіп орны                                                             әйгілі адамдар              

 

 

Қашар кенті  қай жылы салынды  ? (1975 жылы)

Қашар кенті қайда орналасқан? ( Еліміздің солтүстігінде, Қостанай облысында).

Бізідң әкіміз кім?  -(Прокопьев С.П.)

Қашарда қандай кен орны бар?  ( темір рудасының ірі кен байыту комбинаты бар.)

Біздің кентімізде қандай әйгілі адамдар бар?

 

Шарапиева Роза Шаймарданқызы  кім?(маслихат партиясының депутаты

Казенова Сәния Мелхайдаровна кім? Ол Нұротан партиясының төрайымы

Белан И.М кім? Ол Қашар аулының    ақын, жазушысы.   

  Оқы да біл,

 Ойна  да күл  стансасына келдік

Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата. ..   .Зат есім  дегеніміз не ?

Берілген тапсырмадан сөз табын анықтаңдар.(  сөз таптарын анықтайды )

Көмекші есім деген не? Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.

Осы суреттерге лайықты көмекші есімдерді орнына қойыңдар. (  суреттер)

Тест  сұрақтарына жауап беріңдер.  

Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімді тауып қойыңдар.

 Ғимараттың   ......    үлкен саябақ бар

Үйдің     ........... машина тұр.

Есіл өзеннің   ............  қала орналасқан.

Парламент үйі қаланың   ............ тұр.

Қашардың  шетінде  Өтеген көлі бар.

Керекті сөздер: шетінде, қасында, ортасында, бойында,алдында 

Аудармашы  сайысы

Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды атаңдар.

Орыс  тіліне аударыңдар, сөйлемдер құрастырыңдар.

В горы, на улицу, в магазин, из дома, собачкой. в гостях,

Балалар, біз бүгін қайда  қонақта болдық?

Сабақта көп жұмыс істедік. Бүгін өте белсенді болды.....

Сабақты ұранымен бітірейік

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

 ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

 

Сайт управляется системой uCoz