МО

     ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

Бисенова К. С. лКең-байтақ Қазақстаным╗. Сынып: 8

                                               

Сабақтың тақырыбы: Кең - байтақ Қазақстаным.

І.Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау. Отан туралы әңгіме, өлең, ән, қанатты сөздер арқылы білімін толықтыру, патриотизмге тәрбиелеу.

2.Сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, әдемі сөйлеуге  дағдыландыру.

З.Шығармашылық қабілетін, ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы "Менің Отаным-Қазақстан" кітабы, плакат "Қазақтың шығу тегі", суреттер, кестелер, үнтаспа.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақ  формасы: жеке, жұппен, топпен жүмыс.

Сабақ  жоспары:

І.Үйымдастыру кезеңі.

2.Алғы сөз.

З.Сайыс.

4.Қорытынды.

 

I .Ұйымдастыру кезеңі

1.  Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.

2.  Сынып оқушыларын үш топқа лОтан╗, лАтамекен╗, лҚазақстан╗ бөліп, әр топ басшылары сайланады.

3.  Әділқазылар алқасымен таныстырылады. П.Муғалімнің алғы сөзі.

лОтан╗- деген сөздің мағынасы лҚазақ тілі сөздігінде╗ былай анықталған: І.туған ел, өскен жер; 2.үй-іші, отбасы,

Отан Ч адамның туып-өскен жері, кіндік қаны тамған жері. лОтан Ч отбасынан басталады╗,- дейді халық.

Біздің Отанымыз, атамекеніміз Ч Қазақстан Республикасы. Ата-бабамыз қазіргі Қазақстан жерінде ерте заманнан тіршілік еткен, негізгі халқы Ч қазақ. Қазақ ұлтының немесе тегінің қалыптасу кезеңі:

б.з.д 4-Зғ. Сақтар ыдырап Ч уйсін, қаңлы,алаңдар;

б.з-дың 552 ж. Көшпелі түрік қағандығы;

6-7 ғ. Батыс Түрік қағавдығы;

8-10ғ. Түркеш-Қарлық қағандығы;

11-12ғ. Қарахан өулеті мен Қимат-Қыпшақ;

13-15ғ. (1227-1428) ақ Орда. 15 ғ. Басында көшпелі тайпалар қазақтар деп аталды.

Осылай ата тегіміз қалыптасқан. Осы ұлан байтақ жерде қазір лҚазақстан╗ деген мемлекет бар. Қазақстан - бәріміздің Отанымыз. Біз бәріміз өз Отанымызды шексіз сүйеміз. Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Қанша ұлы адамдар, ақыңдар, сазгерлер сүйікті Отанына тамаша өлеңдер, әндер арнаған:

Таныс өлке,

Таныс аймақ,

Анау жерде қүрбылармен алысқам,.

Анау жерде қүрбы жанмен табысқам.

Алба-жүлба ақша бұлттар жарысқан.

Таулар әне, үйықтап кеткен данышпан,

 Жолдар анау, шүбатылып шыңы үшқан.

Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.

Шабындықтар,

Егістіктер,

Тоғайлар.

Төбелердің төбесінде Ч көк айдар,

Ақ сағыммен араласып аулаққа,

Сағым болып бара жатыр көп ойлар.

(М.Мақатаев).

III. Сайыс.

1.     лСөзстанға саяхат╗.Ой шақыру. Кішкентай сандықшаның ішінде орыс тілінде отыз сөз бар. Үш топтың мүшелерібір-бірден шығып, тақтаға сөзді қазақ тілінде жазады.Сөздер: железная руда, полезные ископаемые, счастье, суша, золотая одежда, родной язык, обширная, юг, головной убор, музей, запад, граница, бронзовый казан, восток, культура, пустыня, каменный уголь, край, верхняя одежда, растения, степь, объём площади, родная земля, нефть, север, полупустыня, почва, горы, море, километр.

Қай топ көп сөз аударып жазса, сол жеңеді.

2.Сөйлем қүрастыр. Әр топ өздері аударған сөздермен сөйлем құрастырып, тақтаға жазады. Көп сөйлем құрастырған топ жеңеді.

3.лТілшілер╗ сайысы. Әр топтан бір тілші шығып, тақырып таңдап кабинеттен шығарылып жіберіледі. Өз тақырыбын жақсы ашқан тілші жеңіске жетеді. Тілшілерге берілген тақырыптар: лҚазақстанның өркендеуіне менің үлесім╗, лҚазақстан Ч 2030 жылы╗, лАқтобе қаласы Ч 2030 жылы╗.

4.  лОтан Ч алтын бесігім╗ сайысы. Отан туралы өлең оқу. Көп өлең оқыған топ жеңіске жетеді.

5.  лҚазақстан картасы╗ суретшілер сайысы. Әр топтан бір оқушы шығып, Қазақстан картасын салып, онда ашатын тақырыбын алады. Карта бойынша берілген тапсырма:

*Қазақстан картасын сал және Қазақстанның пайдалы қазбаларын көрсет.

*Қазақстан картасын сал және Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс қақпаларын көрсет.

*Қазақстанның картасын сал және Қазақстанның батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейін ұзындығын

көрсет.

6.  лТілшілер╗ сайысының қорытындысы, яғни тілшілер әңгімесін тыңдау.

7.  лӨз Отаның туралы білесің бе?╗ сайысы:

*3аттың түсін білдіретін сөздерден басталатын қала атаулары (Ақтөбе, Ақтау,Көкшетау, Қызылорда,Ақмола,т.б.) *Мемлкеттік рәміздерге нелер жатады? (Әнүран, ту, елтаңба) *Қазақ халқы өз тұңғыш Елбасын қашан сайлады?

*Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?(130-дан астам)

*Қазақ тарихындағы Тәуке хан жасаған заң жобасы қалай аталған? (лЖеті жарғы╗)

*Ақтөбенің ірге тасы қашан қаланған?(1869 ж.)

*Қазақстанның астаналары ерте заманнан бастап (Түркістан, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

*Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі қашан аталады?(22-қыркүйекте)

Сұрақтарға көбірек жауап берген топ жеңеді.

8.  лҚазақстан картасы╗. Суретшілерді тыңдау.

9.  лОтан Ч оттан да ыстық╗ мақал-мәтел сайысы.

10. лЕрежелер алаңында╗ марафон. Карсылас топтың атауын тез септеу және тәуелдеу.

IV. Қорытынды.

1.  Мұғалімнің сабақты қорытындылап, үйге тапсырма береді.

2.  Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысымен таныстырды.

3.  лМенің Қазақстаным╗ әні орындалады.

  ПортфолиоМастер-классНа страницу МО

 

Сайт управляется системой uCoz