Ганиева
Ж.А.
Сабақтың тақырыбы: Құстар
Мектепалды сынып
Мақсаты:
1.Білімділік:
құстар туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:
балалардың ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын байыту,қазақша сөздерді дұрыс
айтуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік:
табиғатты қорғауға, құстарын қорғауға баулу.
Көрнекілігі:
құстар,ағаш, үй және құстарға қатысты суреттер, үнтаспа
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
сәлемдесу

Мұғалімнің сөзі:
І Құстар бойынша мына
сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Құстар қайда тұрады?
2.Қандай құстарды білесіңдер?
3.Құстарды қалай бөлеміз?
4.Құстар қандай пайда
әкеледі?
1.Құстар қайда тұрады?
(тақтада ағаш, үй ауласы
суреті )
ІІ.Суретпен жұмыс:
суреттегі зат атауларын орыс-қазақ тілдерінде атау:
дядя-ағай
дерево-ағаш
воробей-торғай
ласточка-қарлығаш
серьги-сырға
скатерть-дастарқан
ворона-қарға
сорока-сауысқан
почки-бүйрек
бумага-қағаз
утка-үйрек
гусь-қаз
вечер-кеш
почки-бүйрек
петух-әтеш
утка-үйрек
холодно-суық
курица-тауық
(хормен оқыту)
ІІІ. Балаларға құстар
бойынша сұрақтар беру
1.Құстарды қалай бөлеміз?
(тақтада ағаш,үй ауласының
суреті)
     Дала
құстары Үй құстары
2.Құстар қалай дауыстайды?
(балалар құстар дауысын
салады)
Үнтаспада құстың дауысын
тындау
-Балалар, 10-ға дейін
санайық! Тақтада жасырылған балапан суретін сендердің көмектеріңмен
ашамыз! (балалар әр санды айтқан сайын суреттің бір бөлігі ашылады)
Балаларға жеке-жеке балапан
суреттерін таратып,оларды боятқызу және тақпақ айтқызу:
Бір, екі, үш
Ал, кәнеки ,ұш
Төрт, бес, алты, жеті
Мынау - ауыл шеті
Сергіту кезеңі - Тоқылдақ
ІV.Сұрақ бойынша жұмыс.
Құстар қандай пайда әкеледі?
Дала құстары - орманның
еншісі ,олар құрт,жәндіктерді жояды.Осы құстар болмаған кезде орман
қандай болар еді?
Үй құстары - ет,жұмыртқа
қауырсын береді.
(тақтадағы суреттерді
көрсету)
V.Қорытынды
1.Бүгін қандай тақырып өттік?
2.Қандай құстармен таныстық?
3.Олар қайда тұрады?
4.Оларды қалай бөлеміз?
5.Олар қандай пайда әкеледі?
Сендер бүгін жақсы жұмыс
істедіңдер!Сабақтан кейін құстарға мына жемдерді беріңдер(орамдағы
жемдерді тарату )
Сау болыңыздар балалар! |