Сабақтың тақырыбы: лОтансыз
адам-ормансыз бұлбұл╗.
Мақсаты:
1.Білімділік:
Қазақстан туралы алған білімдерін жүйелеу, сөз таптары, салалас
құрмалас сөйлемдер бойынша білімдерін кеңейту
2.Дамытушылық:
логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру,
әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру
3.Тәрбиелік:
өз Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу
Түрі:
сайыс сабақ
Көрнекілігі:
лҰлы Жібек жолы╗ плакаты, тірек-сызба, лДаналық ағашы╗, киіз үй
бөліктері, кеспелер, сөзжұмбақтар, магнитофон, күйтаспа, сұрақтар
жазылған түрлі-түсті жапырақтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылардың танымдық мотивациясын арттыру:
-Біз қай елде өмір
сүреміз?
-Қазақстанның
мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақстан
Республикасының Президенті кім?
- Қазақстан әлемде жер
көлемі жағынан нешінші орында?
Сыныптағы оқушылар екі
топқа бөлінген
ІІ. Сабақтың мақсатымен
таныстыру. Эпиграфты оқу:
Бақытым бар үшінші -
Отан даген,
Кім мықты? - десе біреу
Отан дер ем.
...Оты сөнген жалғанда
жан барсың ба?
Ойланбай-ақ келдағы, от
ал менен!
-Бүгінгі қорытындылау
сабағын керуен түрінде өткіземіз. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
-Керуен деген не?
-Қандай керуен жолын
білесіңдер?
-Керуен тасу үшін
негізінен қандай көлік түрін пайдаланған?
1.лҚиын өткел╗
1.) Кеспеге жазылған
салалас құрмалас сөйлемдерді алып, әр топтан бір оқушыдан тақтаға
шығып тапсырмаларды орындайды: сөйлемдерді аяқтап сөйлем мүшесіне
талдау.
1-кеспе. Мен кітапханаға
жиі барамын, себебі ... .
2-кеспе. Болат
мектептен ерте келді де, ... .
2.) Сөзжұмбақтарды шешу:
екі топқа жеке-жеке сөзжұмбақтар беріледі. Олар сөзжұмбақтарды шешу
арқылы жасырылған сөздерді табуы керек.
Тапсырмалар орындалған
соң, плакаттағы лҚиын өткелге╗ түйе суреті қыстырылады. Әр
бекеттеегі тапсырмалар орындалып болған соң, сол бекетке түйе суреті
ілінеді.
-
лЖұмбақ арал╗
лДаналық ағашында╗
оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Олар өз білімдеріне сай
жапырақтарды өздері таңдайды. Жапырақтар сары, қызыл және жасыл
түсті.
3.) лТапқырлар қалашығы╗
1.Тірек-сызба бойынша
әңгімелеу: әр топтан бір оқушыдан шығып, сызба бойынша әңгімелейді.
2.Отан туралы мақалдарды
аяқтау.
4.) лӨз елім╗
лТуған ел╗ әні қойылады,
ал оқушылар тапсырмалар орындайды:
1.Берілген тақырыптар
бойынша әр топ әңгіме жазу: лМенің Отаным-Қазақстан╗, лҚазақстан
Республикасының рәміздері╗
2.Киіз үй құрастыру (шаңырақ,
уық, кереге, есік)
Екі топтың қайсысы бұрын
жауап берсе, киіз үйді сол топ құрастырады:
а) сөз тіркестерін
аудару: мемлекеттік рәміздер, ұлан-ғайыр өлке, жер шары;
ә) мына сөз тіркестерін
қатыстырып, сөйлем құрастыру: менің елім, әр түрлі ұлттар, жер
көлемі;
б) туған жер, Отан
туралы мақал айту;
в) оқылған өлең шумағын
тыңдап, есте қалған сөздер мен сөз тіркестерін жазу;
ІІІ. Сабақты қорыту. Бес
жолды өлең құрастыру.
ІV. Үйге тапсырма: лОтансыз
адам-ормансыз бұлбұл╗ тақырыбына шығарма жазу