Әлиева Г.
А.
Хайуанаттар бағында.
Сынып: 3
Сабақтың жоспары.
Сабақ :
қазақ тілі
Сынып:
3
Тақырып:
Хайуанаттар бағында
Мақсаттар:
1. Тақырып бойынша сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрастыруға
үйрету, өз ойын сауатты жеткізу білу.
2. Есте
сақтау, сөйлем құрастыру қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.
3.
Табиғатты сүюге,үлкен қалада абай болуға баулу.
Сабақтың түрі:
жаңа тақырыпты түсіндіру.
Көрнекті құралдар:
суреттер, кестелер, карточкалар, Класстер, Вен диаграмасы.
Ұйымдастыру
әдістері: ауызша,
көрнекі, сұрақ-жауап.
Приложение.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі: 1)
Сәлемдесу.
2) Тақпақ арқылы
көңілін көтеру:
Сабағыңа жөндеп
Әзірлеңсен еңбек.
Қиындықтың бәрін-
Еңбек қана жеңбек!
3) Кезекшімен сөйлесу.
4) Сабақтың
тақырыбын, мақсаттарын айту.
5) Кейіпкермен танысу ( түйеқұс, аспан, ақ,
көк,
сұр түсті
бұлттар, сабақтың кезеңдері)
II. Дыбыстық жұмыс:1)
Қ-Ғ дыбыстар бар сөздерде қандай дауысты
дыбыстар жазылады?
2) К-Г дауыссыз дыбыстар бар
сөздерде қандай дауысты
дыбыстар жазылады?
Жіңішке дауысты дыбыстарды
қайталау ( әнді айту).
Ақпан айы келеді,
ә-ә-ә
Ақ құрауы түседі.
ө-ө-ө
Жел соғады, борайды
ү-ү-ү
Ақ мамыққа орайды.
І-і-і
III.
Үйге берілген тапсырманы тексеру:
1
д. Астана, Алматы қалалар туралы өлең дайындау.
2 д. Сұраққа жауап беру.
3 д. Жаңа сөздерді білу.
IV. Жаңа
тақырып:
1) Мұғалім суретті көрсетіп, хайуанаттар бағы
туралы әңгіме айтады.
2) Жаңа сөздер: аңдар
түйеқұс
3) Мәтінді оқу (бірінші-мұғалім,
екінші- үздік оқушы)
4) Сұрақтарға жауап беру.
-Бұл не?
- Хайуанаттар бағында нелер
өмір сүреді?
- Олар қандай жануарлар?
Жолбарыс піл
Арыстан кірпі
Түлкі
қасқыр
Аю
Тиін
қоян
Ойын Не жоқ?
Грамматика: Болымсыздық
шылауы ЕМЕС ( отрицательная частица НЕ)
Бұл
жолбарыс ЕМЕС, арыстан...
82 бет. 1т.
V.
Бекіту кезеңі: -Вен
диаграмма арқылы аңдарды қалай бөлуге болады?
1. ЖУАН-ЖІҢІШКЕ
2. ҮЛКЕН-КІШКЕНТАЙ
1 д.Сөйлем құрастыру, бастауышпен баяндауыштың астын
сызу .
а) көрдім, мен, түйеқұсты
б) сен, көрдің, қоңыр, аюды
в) аңдар, жабайы, торда, отыр
2 д. Көптік жалғауларды жазу.
3 д. Адасқан әріпті тап.
Бұл
дөңгелектерді қатар қойсақ, неге ұқсайды?
Дұрыс,
бағдаршамға ұқсайды.
Үлкен
қалада абай болу керек! Жол ережелерді ұмытпау
керек!
Бағдаршамның қызыл көзі тұр дейді.
Сары көзі
күт дейді,
Жасыл көзі
жүр дейді.
VI. Сабақты қорытындылау:
-Қандай
тақырыпты өттік?
-Хайуанаттар
бағында нелер өмір сүреді?
-Хайуанаттар
бағында болған оқушылар бар ма?
-
Қандай болымсыздық шылаумен таныстық?
VII.
Үйге тапсырма беру,бағалау.
82 бет, 1-тапсырма (сөйлем құрастыру)
Енді, балалар, түйеқұс сендерге сыйлықтарын береді.
5 алған оқушыға ақ түсті бұлт,
4 - көк түсті,
3 - сұр түсті бұлт.
Сабақ аяқталды,сау болыңыз! |